Алматыда 12 жоба жүзеге асырылады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматы қаласының Алмалы ауданында «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы қалай жүзеге асырылып жатқандығы туралы Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен онлайн-брифинг барысында аудан әкімінің орынбасары Ерден Хайруллин айтып берді.
«Жұмыспен қамтудың жол картасы» мемлекеттік бағдарламасы әлеуметтік тұрғын үй — коммуналдық шаруашылығын дамыту және аумақтарды абаттандыру бойынша инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру есебінен қосымша жұмыс орындарын құруға, жұмыссыз азаматтар санының өсуіне жол бермеуге бағытталған шаралар кешенін айқындайды.
Алмалы ауданы бойынша жалпы сомасы 5,9 млрд тг 12 жоба анықталды, қазіргі уақытта 7 жоба іске асырылды. Бағдарламаны жүзеге асыру кезеңінде 1 412 жұмыс орны құрылды, оның ішінде Алматы қаласының халықты жұмыспен қамту орталығынан 789 адам жұмысқа орналастырылды.
«ЖҚЖК-2020» бағдарламасын іске асыру кезінде тауарларды қазақстандық тауар өндірушілерден сатып алуға ерекше назар аударылуда, қазақстандық қамту үлесі 90% немесе 2,5 млрд тг асады. Оның ішінде импорт үлесі 10% немесе 300 млн тг құрайды, - деді Ерден Хайруллин.Іске асырылған жобалар арасында:
- Мақатаев атындағы саябақты абаттандыру;
- «Махаббат» саябағын абаттандыру;
- «Гагарин» атындағы бульварды абаттандыру;
- Молдағұлова көшесін абаттандыру;
- 0,6 км арық желілерін және 21 өткелге ағымдағы жөндеу;
- №12, 21, 43 бөбекжайларға ағымдағы жөндеу;
- Чайковский көшесін абаттандыру;
Жұмыc барысында:
- 2017 жылы салынған жаяу жүргіншілер көшелеріне ағымдағы жөндеу;
- 160 ауланы күрделі жөндеу;
- 2016 жылғы 27 ауланы толық жасақтау (ағымдағы жөндеу);
- Көп пәтерлі тұрғын үйлердің 72 қасбетіне ағымдағы жөндеу;
- Алмалы ауданы әскери комиссариатының ғимаратын күрделі жөндеу.