Алматыда 12 мыңнан астам сенімхат онлайн берілді

Бұл туралы Алматы қаласы Әділет департаментінің басшысы Балайым Кесебаева Өңірлік коммуникациялар қызметінің брифингінде мәлімдеді, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.

Өткен жылы «Цифрлық нотариат» жобасы енгізілгеннен бері Алматыда 12 234 сенімхат берілді. Сенімхат қызметі банктер мен басқа да жеке ұйымдарға қосылатын egovmobile мобильді қосымшасы арқылы қол жетімді. Сондай-ақ мобильді қосымшада «нотариаттық онлайн-кеңес беру» қызметі ұсынылады. Енді азаматтар нотариаттық қызметтерге қатысты заңды сұрақтарға жауап ала алады. Алматыда 945 нотариус жұмыс істейтін Нотариаттық палата жұмыс істейді. Алматы нотариустары 2 млн-нан астам нотариаттық іс-қимыл жасалды, – дейді Балайым Кесебаева.

Еске салсақ алматылық адвокаттар 15 мың адамға тегін көмек көрсеткенін жазған болатынбыз.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Өңірлік коммуникациялар қызметі
Өзгелердің жаңалығы