Алматыда 11 жасар бала тереңдігі 4 метр шұңқырға құлап кеткен

Алматыда ТЖМ құтқарушылары баланы құтқарды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

112 пультіне Алматының Наурызбай ауданындағы «Елисейские поля» коттедж қалашығында тереңдігі 4 метр болатын орға 2013 жылы туған бала құлағаны туралы хабарлама келіп түсті.

Шақыру орнына келген ТЖМ Республикалық жедел-құтқару жасағының құтқарушылары зембілдің көмегімен баланы алып шықты. Алғашқы медициналық көмек көрсетіп, жедел жәрдем қызметкерлеріне тапсырды.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: скриншот
Өзгелердің жаңалығы