Алматыда 1000-нан астам адам мерекелік керуенімен жүріп өтті

«Көш. Наурыз –думан» мерекелік керуеніне 1000-нан аса қыз-бозбала, батырлар мен ақ жаулықты аналар, бүркітшілер қатысты, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.

«Көш. Наурыз – думан» мерекелік керуені, Абай даңғылының бойымен, батыс бағытта Достық даңғылынан Абылай хан даңғылына дейін, одан кейін Абылай хан даңғылымен солтүстік бағытта Астана алаңына дейін жүріп өтті.

Алматы қаласын Наурыз мерекесі керемет деңгейде аталып өтіліп жатыр. Мемлекет басшысының құтықтауын естіп, концерттік бағдарламаны тамашаладық. Маған мерекелік керуен қатты ұнады. Қала жұртшылығы таңдай қағып, суретке түсіп жатыр. Балаларым қуанып, театрландырылған керуенмен жүріп өткен би, батыр, аңшы, бүркітшілерге тамсана қарады, - дейді қала тұрғыны.

Мерекелі концертте жастар мен тұрғындардан қазақтың салт-дәстүрін, ырым-жоралғыларды сұрап, таным көкжегін артыруда. Әншілер наурызды нақыштаған ән-жырдан шашу шашты. Ән шырқағандар арасында әлемге әйгілі әнші Димаш Құдайберген де болды.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Алматы қаласының әкімдігі
Өзгелердің жаңалығы