Алматыда 10-нан астам тегін мұз айдыны бар
Мегаполистің тұрғындары мен қонақтары үшін жиырмадан астам мұз айдынының 12-сі тегін жұмыс істейді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Алматыда мына мекенжайлар бойынша сегіз мұз айдыны тегін жұмыс істейді.
1.Республика Сарайының алдындағы Абай алаңында;
2.28 Панфиловшылар саябағы;
3.Тұңғыш Президент саябағы;
4.Орталық стадион;
5.М. Әуезов атындағы театр;
6.Н. Сац атындағы театр;
7.«Гүлдер» саябағы;
8.№6 Оқушылар Үйі;
Қалған 4 мұз айдынын ағымдағы жылдың қаңтар айында келесі мекенжайлар бойынша іске қосу жоспарлануда:
1.Шухов көшесіндегі саябақ;
2.«Авиатор» стадионы;
3.Наурызбай ауданы әкімдігінің аумағында;
4.Абай атындағы Қазақ ұлттық опера және балет театры
Жылы ауа-райына байланысты мұз айдындарының ашылуы мұз дайын болған кезде іске қосылады.
Мұз айдындарына кіру тегін. Мұз айдындарында конькиді жалға беру пункттері жұмыс істейді. Екі сағаттық жалға алу құны 1000 теңге. Конькимен сырғанау толығымен тегін.
Жалға беру пункттерінің жұмыс күндері таңғы сағат 10:00-ден 22:00-ге дейін және демалыс күндері 10:00-ден 23:00-ге дейін жұмыс істейді. Мұз айдындарының өзі тәулік бойы жұмыс істейді.
Еске саламыз, қалада келесі мекенжайлар бойынша 9 жеке ақылы ашық мұз айдыны жұмыс істейді:
1.«Алматы Арена» мұз сарайы аумағында.
2.«MEGA Park» СОО аумағында
З. Жандосов көшесі-Ыкылас көшесінің қиылысында.
4.«Есентай мол» СОО аумағында.
5.Villa dei Fiori аумағында.
6.«Халық Арена» мұз сарайы.
7.«Арман» кинотеатры.
8.«Alem park» отбасылық демалыс саябағының алдында
9.Aport Mall СОО аумағында.