25 Шілде 2026, 23:50 Фото: Алматы әкімдігі

Алматыда 10 мың көпқабатты тұрғын үй жоғары жылдамдықты интернетке қосылады

Қазіргі уақытта жаңа инфрақұрылымға Түрксіб ауданындағы 80 тұрғын үй, сондай-ақ Наурызбай және Әуезов аудандарындағы 700-ден астам тұрғын үй қосылған.

Алматыда телекоммуникациялық инфрақұрылымды жаңғырту және XGSPON жоғары жылдамдықты интернет технологиясын енгізу жалғасып жатыр.\
 
Аталған технология деректерді 10 Гбит/с-қа дейінгі жылдамдықпен таратуға мүмкіндік береді. Алматы XGSPON технологиясын Wi-Fi 6 жүйесімен бірге енгізген Қазақстандағы алғашқы қала атанды.

Қазіргі уақытта жаңа инфрақұрылымға Түрксіб ауданындағы 80 тұрғын үй, сондай-ақ Наурызбай және Әуезов аудандарындағы 700-ден астам тұрғын үй қосылған.
 
2026 жылы жоғары жылдамдықты интернетке 10 мың көпқабатты тұрғын үйді қосу, кіреберістерге 40 мың бейнекамера орнату және 10 мың пәтерге әлеуметтік тариф ұсыну жоспарланып отыр.