Алматыда 10 күннің ішінде мутация штамына арналған 63 зерттеу жүргізілді – Бекшин

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Алматы қаласы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау Департаментінің басшысы, қаланың бас мемлекеттік санитар дәрігері Жандарбек Бекшин онлайн брифинг кезінде айтты.

Алматы қаласында наурыз айынан бастап жүйелі түрде мутациядан өткен штамдардың зерттеуін енгізген болатынбыз. Бұл жұмыс бұған дейін ай сайын өткізілсе, енді маусым айынан бастап тәулік сайын жүргізуге көштік. Мысалы, кешке тағы бір зерттеудің нәтижесін алдық. Бірақ оны тағы екінші рет зерттеп, дәлелдеп отырмыз. Соңғы 10 күннің ішінде қалада мутация штамына арналған 63 зерттеу жүргіздік. Зерттеу нәтижесінің 90%-ға жуығы британ штамы екені анықталды, - деп айтты қаланың бас мемлекеттік санитар дәрігері.

Сондай-ақ екі сынамада Оңтүстік Африка штамдары анықталды.

Зерттеудің нәтижесі оң шыққан науқастардың сынамасын тағы да мутацияға ұшыраған штамға зерттедік. Кеше жүргізілген зерттеу кезінде 9 сынаманың біреуі дельта штамы (Үндістан штамы – Baq.kz) анықталды. Оны екі рет зерттедік. ПТР тесті арқылы зерттеу жүргізілді. Бүгін біз мутацияланған дельта штамының ықтимал айналымы бар екенін тағы бір рет растадық, - дейді ол.

Бекшиннің сөзінше, коронавирус анықтау үшін жүргізілетін зерттеу мөлшері көбейтілді. Сондай-ақ мутациядан өткен 6 штамды анықтауға мүмкіндік бар екенін қоса айтты.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы