Алматыда 10 күндік сәби короновирустан айығып шықты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматы қалалық балаларға арналған клиникалық инфекциялық аурухананың бас дәрігері Ержан Сералиннің айтуынша, осы жылдың 20-шы  шілдесінде қанағаттанарлық жағдайда жаңа туған сәби  ауруханадан шығарылған. 

Бұл туралы COVID-19 емдеу және  стационарды дәрі-дәрімекпен қамтамасыз ету мәселелері туралы Алматы қаласының өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында өткен онлайн-сұхбат барысында айтылды.

Кеше біз 10 күндік нәрестені шығардық. Бала перзентханада дүниеге келіп, бізге бірден жеткізілді. Анасы екеуінің ПТР анализі теріс шығып, үйіне аман- есен шығардық, – деді Ержан Сералин.

Пандемия басталғалы Алматы қ. балалар клиникалық жұқпалы аурулар ауруханасында 239 бала COVID-19-дан стационарлық емдеуден өткен. Оның ішінде 230 бала қанағаттанарлық жағдайда, оң динамикамен шығарылған.  Қазіргі уақытта 9 науқас дәрігерлердің бақылауында емделуде.

Олардың арасында орташа және ауыр дәрежелі пневмониямен ауырған балалар болды. Барлығы аман-есен шығарылды, өлім жағдайлары тіркелген жоқ, – деп атап өтті бас дәрігер.

Стационарларда балаларға патогенетикалық ем жүргізіледі. Вирусқа қарсы препараттар тағайындалмайды. Егер екінші бір басқа инфекция қосылған жағдайда антибиотиктер баланың жасын ескере отырып, тиісті мөлшерде дозасы тағайындалады. Сонымен қатар, орофаринсті су беру әдісі қолданып, иммунитетін көтеру мақсатында қызу түсіретін препараттар қолданылады. Жалпы емдеу шарасы жедел респираторлы вирустық инфекцияларға қарсы бағытталған.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы