Алматыда 1 қыркүйек күні алғашқы қоңырау болмайды
Алматы мектептерінде 1 қыркүйек демалыс болады. Жыл сайынғы жиындар мен алғашқы қоңырау өткізілмейді, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.
Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде Алматы қаласы Білім басқармасы басшысының орынбасары Айдын Сайлаубай мәлімдеді.
1 қыркүйек демалыс болады деп жоспарлап отырмыз, 2 қыркүйек күні таңертең 10-15 минуттық жиын, бірінші сыныпқа баратындар үшін тәрбие сағаты ұйымдастырылады, - деді Айдын Сайлаубай.
Айта кетейік, бұған дейін Алматыда қанша бала 1-сыныпқа баратыны белгілі болды. Сонымен қатар тегін тамақпен қамтамасыз ету үшін жергілікті бюджеттен қанша қаражат қарастырылғаны айтылды.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Бектенов Ұлытау облысының жылыту маусымына дайындығын тексерді
Келесі жаңалық
Жұмаға арналған валюта бағамы
Өзгелердің жаңалығы