Алматыда 1 мамыр күнін қалай тойлап жатыр?

Алматыда 1 мамыр мерекесіне орай, концерттер мен музыкалық қойылымдар өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Қаланың басты музыкалық шоуы Абай алаңында өтті. Салтанатты іс-шараға Алматы әкімі Ерболат Досаев қатысты.

Концерт "ЖасStars" тобы мен "Салтанат" ҚР би ансамблі орындаған "Қазақстан - достық бесігі" вокалдық-би композициясымен басталды.

Халықаралық байқаулардың лауреаттары Зарина Хасаншина, Өзбекстан, Қарақалпақстан, Башқұртстан халық әртісі Жеңісбек Пиязов және Беларусь Республикасының еңбек сіңірген әртісі Жанет Бутерус өнерімен тәнті етті. Сахнада өнерпаздар кәріс, кавказ, түрік, ұйғыр, поляк және т.б. ұлттың билерін биледі, - делінген қала әкімдігінің баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.

Мерекелік бағдарлама Абай алаңында сағат 18:00-де "Достық әні" концертімен жалғасады. Сахнада Айқын Төлепберген, Qanay, Әйгерім Қалаубаева, Артур Давлетьяров, Ayree және КeшYou тобы өнер көрсетеді. Мерекелік концерт сағат 22:00-ге дейін болады.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Алматы қаласының әкімдігі
Өзгелердің жаңалығы