Алматыда 1 ақпаннан бастап су тарифтері өзгереді

Келесі айдан бастап Алматы қаласында су тарифтері көтеріледі, деп хабарлайды BAQ.KZ Almaty.tv арнасына сілтеме жасап.

Қалалық табиғи монополиялары реттеу департаментінің басшысы Әсел Буднееваның айтуынша, 1 ақпаннан бастап судың бір текше метрінің орташа бағасы 135 теңге болады. Ал суды бұру қызметі 83 теңгеге дейін көтеріледі.

Бірақ әлеуметтік осал топтар үшін тарифтердің бір бөлігі әкімдік тарапынан өтеледі. Ондай топтарға ардагерлер, мүгедектікті бар азаматтар, көпбалалы отбасылар, зейнеткерлер және тағы басқа адамдар кіреді. Жалпы, өтемақыны 141 мыңнан артық адам алады, - дейді Буднеева.

2023 жылы 1 шілдеден бері әлеуметтік осал топтардың тарифін өтеу үшін жергілікті бюджеттен 5,5 млрд теңге жұмсалды.

Негізі, 0,8 АЕК көлеміндегі әлеуметтік қолдау 40 шаршы метрден аспайтын үйдің тарифтеріне қосылған ақыны толығымен өтей алады. Ал айлық есептік көрсеткіштің жыл сайын 6,5 процентке өсіп тұратынын ескерсек, қазіргі әлеуметтік төлеммен тарифтердің қымбаттағаны сезілмейді, - деп атап көрсетті мамандар.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Өзгелердің жаңалығы