Алматы облыстық ТЖД тұрғындарға ескерту жасады

Астана, baq.kz. Алматы облысының Төтенше жағдайлар департаменті қала тұрғындары мен қонақтарына ескерту жасады.

"Алматы облысы Төтенше жағдайлар департаменті 2019 жылға арналған регламенттік және техникалық жұмыстарды жүргізу жоспарына сәйкес, облыстық құлақтандыру жүйесіне техникалық тексеріс жүргізу мақсатында 2019 жылғы 16 қаңтарда сағат 12.00-де электродабылдар 30 секундқа қосылатынын хабарлайды. Осыған орай Сіздерден дүрбелеңге салынбай, түсінушілікпен қарауларыңызды сұраймыз", - делінген ведомствоның хабарламасында.


Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы