Алматы-Өскемен тасжолында 31 көлік соқтығысты

Астана, baq.kz тілшісі. Алматы-Өскемен тас жолының 20-шақырымында ірі жол көлік оқиғасы болды. Бұл туралы Хабар24 телеарнасы хабарлайды.

Көктайғақ салдарынан 31 көлік соқтығысқан. Алдын ала болжам бойынша 5 адам зардап шеккен. Олар жақын маңдағы Іле ауданындағы ауруханаларға жеткізілді. 

Қазіргі таңда Алматы-Өскемен республикалық тас жолы жол ашық. Жолда кептеліс жоқ.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Өзгелердің жаңалығы