10 Қаңтар 2019 2019, 14:55
Алматы-Өскемен тасжолында 31 көлік соқтығысты
Астана, baq.kz тілшісі. Алматы-Өскемен тас жолының 20-шақырымында ірі жол көлік оқиғасы болды. Бұл туралы Хабар24 телеарнасы хабарлайды.
Көктайғақ салдарынан 31 көлік соқтығысқан. Алдын ала болжам бойынша 5 адам зардап шеккен. Олар жақын маңдағы Іле ауданындағы ауруханаларға жеткізілді.
Қазіргі таңда Алматы-Өскемен республикалық тас жолы жол ашық. Жолда кептеліс жоқ.