27 Қыркүйек 2026, 22:21 Фото: Алматы қаласы әкімдігі

Алматы зообағында маралдың екі төлі дүниеге келді

Зообақ мамандарының айтуынша, екі төлдің де жағдайы жақсы.

Алматы зообағында биыл маралдың екі төлі дүниеге келді.

Алғашқы марал төлі 7 маусымда туып, оған Маралтай деген есім берілген. Екінші төл 10 қыркүйекте дүниеге келіп, Мұқан деп аталды.

Зообақ мамандарының айтуынша, екі төлдің де жағдайы жақсы. Олар енелерімен бірге өсіп, жаңа ортаға біртіндеп бейімделіп келеді. Мамандар олардың денсаулығы, дамуы мен қоректенуін күн сайын бақылауда ұстайды.

«Марал төлдерінің дүниеге келуі – ұжымымыз үшін үлкен қуаныш. Мамандардың басты міндеті – әр төлдің дұрыс өсіп-жетілуіне және қажетті жағдаймен қамтамасыз етілуіне көңіл бөлу», – деді Алматы зообағының тұяқты жануарлар бөлімінің меңгерушісі Нұртай Сәрсенбаев.

Зообақ қала тұрғындары мен қонақтарын жаңа төлдерді тамашалауға шақырды.