Алматы зиратындағы темір қоршаулар ұрланып жатыр ма?

Алматыдағы “Батыс” зиратында кей темір қоршауларды жүк көлігі әкеткен. Бұл туралы ақпарат желіде тарады, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.

Желідегі мәліметке сәйкес, халық арасында Боралдай зираты (“Батыс”) атымен танымал моладан темір қоршаулар жүк көлігіне тиелген.

Алматы қаласының полиция департаменті бұл оқиғаға қатысты түсініктеме берді.

Бұл дерек бойынша Алатау ауданының полиция басқармасы тексеріс жүргізді.
Тексеру нәтижесінде алынған қоршаулар нақты меншік иелеріне тиесілі емес екені анықталды – олар иесіз мүлік ретінде танылып, қоқыс ретінде әкетілген. Жұмыстар зират әкімшілігінің келісімімен жүргізілген. Құқық бұзушылық белгілері анықталған жоқ, – деп хабарлады полиция.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: видеодан кадр
Өзгелердің жаңалығы