Алматы жолдарының ұзындығы 4% ұлғаяды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматы қаласы әкімдігінде өткен баспасөз конференциясында қалалық мобилділік басқармасы басшысының орынбасары Ернұр Әбжахан қала бойынша жолды жөндеу-салу жұмыстарының қарқыны туралы айтып берді.

Оның ақпараты бойынша қазіргі кезде аудандарда жол жөндеу жұмыстарының барысы мынадай:

Алатау ауданы - 24 көше, ұзындығы 23,5 км;

Алмалы ауданы – 15 көше, ұзындығы 21,7 км;

Әуезов ауданы – 17 көше, ұзындығы 10,9 км;

Бостандық ауданы – 25 көше, ұзындығы 18,4 км;

Жетісу ауданы – 15 көше, ұзындығы 13,2 км;

Медеу ауданы – 13 көше, ұзындығы 20,2 км;

Наурызбай ауданы – 23 көше, ұзындығы 25 км;

Түрксіб ауданы – 15 көше, ұзындығы 5,4 км.

Сонымен қатар, Жетісу ауданында ұзындығы 9,7 км болатын 5 көшеге (инженерлік коммуникация жүргізілген соң асфальт төсеу) Федоров көшесі Ниязбеков көшесінен, ұзындығы 0,960 км болатын. Крылов көшесіне дейін, Верди көшесі Федоров көшесінен ұзындығы 0,690 км болатын № 130 үйге дейін, Венецианов көшесі Казаков көшесінен ұзындығы 0,912 км болатын Ниязбеков көшесіне дейін, Мартынов көшесі Казаков көшесінен ұзындығы 0,660 км болатын Ниязбеков көшесіне дейін, Брюсов көшесі Казакова көшесінен ұзындығы 0,425 км болатын. Райымбек даңғылына дейін жөндеу жұмыстары жүргізілді.

Сүйінбай даңғылында 1,1 км болатын Шолохов көшесінен Б. Хмельницкий көшесінің солтүстік бұрылыс кіреберісіне дейін реконструкциялық жұмыстар аяқталды.

Жолдың қозғалыс бөлігіне асфальт төсеу, солтүстік кіреберісті, тротуарлар мен арықтарды, жөндеу, жарық орнату, инженерлік желілерді жүргізу және жасылдандыру жұмыстары орындалды. Жол жөндеу жұмыстары толық аяқталды.

Сонымен қатар, ағымдағы жылдың аяғына дейін 80 бекет алаңдарын және ұзындығы 35 км болатын тротуарларды жөндеу жұмыстарын аяқтау жоспарланған.

Қазіргі кезде 15,1 км тротуарлар мен 29 500 кв. м. алаңдар жөнделді. Қалған учаскелерде жұмыстар жалғасуда.

14 ықшам ауданда  469 көшеге ұзындығы 121 км болатын жаңа жолдар салынуда. Бұл өткен 3 жыл ішіндегі көрсеткішпен салыстырғанда 4 есе көп (Саялы, Алғабас-АЗТМ, Ақбұлақ, Ұлжан-2, Қарасу, Көкқайнар, Жас қанат, Әйгерім-1, Әйгерім-2, Шаңырақ-1, Ұлжан-1, Трудовик, Дархан-Байбесік, Шаңырақ-2).

Нәтижесінде Алматы жолдарының ұзындығы 4%-ға ұлғаяды, 143,5 мың тұрғын жөнделген жолдармен қамтамасыз етіледі, қаладағы сапалы жолдардың деңгейі 72%-ға дейін артады.



Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы