Алматы жолдарында көк таңба пайда болды

Қала жолдарындағы ақылы тұрақ аймағы көк белгімен таңбаланады, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.

Бұрын ақылы автотұрақтар тек 5, 10 және 20 сандары бар шеңбермен бейнеленген ақпараттық тақта түрінде көрсетілетін еді.

Көк түсті таңба Наурызбай батыр көшесінде пайда болды және одан әрі барлық коммуналдық ақылы автотұрақта қолданылады. Тығыз трафик кезінде жол белгісі байқалмауы мүмкін, ал көк таңба назар аудартады. Бұл қалалық инфрақұрылымды жақсарту және Алматы тұрғындары мен қонақтары үшін жайлылық деңгейін арттыру жөніндегі бағдарламаның бір бөлігі. Көлік жүргізушілері қазірдің өзінде тұрақ аймағын анықтау процесін қарапайым әрі түсінікті ететін жаңа жүйенің артықшылығын бағалай алады, - деді «Алматы паркинг» мекемесі. 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Алматы паркинг
Өзгелердің жаңалығы