Алматыда жолаушылар автобусы өртенді

Алматы, BAQ.KZ. Бүгін Медеу ауданындағы Назарбаев көшесі бойында жолаушылар автобусы өртке оранды.

Сағат 15. 06 шамасында желіде қаланың қақ ортасында автобустың жанып жатқан видеосы тарады.  


Алматы қаласы ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, өрт дереу өшірілген, зардап шеккендер жоқ. Автобуспен қоса сол маңдағы бағдаршам мен жарнама ілетін баннер де күлге айналған.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы