Алматы "жеке уақыт белдеуіне" көше ме?

Алматы қаласының әкімдігі BAQ.KZ тілшісінің жаңа жұмыс кестесіне қатысты сауалына жауап берді, деп хабарлайды  BAQ.KZ тілшісі.

Үкімет отырысында Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев Шығыс Қазақстан облысының бірқатар ауданында (Катонқарағай, Марқакөл, Үлкен Нарын, Зайсан, Тарбағатай, Самара, Күршім) тұрғындар тарапынан қолдау тауып, жұмыс кестесі 8:00–ден 17:30 (кешкі бес жарымға) дейін өзгертілгенін айтқан еді. Министр қажет болған жағдайда, осындай тәжірибені жергілікті атқарушы органдар мен басқа өңірлерде де қолдануға мүмкіндігі бар екенін мәлімдеді.

Алматы қаласының әкімдігі жеке уақыт белдеуіне көшу мәселесі қарастырылып жатпағанын мәлімдеді.

Алматы қаласында жаңа жұмыс кестесіне көшу, жеке уақыт белдеуіне көшу мәселесі қарастырылып жатқан жоқ, — деді Алматы қаласының әкімдігі.

Ал экономист Айбар Олжай уақыт белдеуіне байланысты адаптацияны қабылдайтын уақыт келгенін атап өтті.

Кей азаматтар Алматы мен Стамбулдың кешін салыстырғанын байқадым. Алматы мен Сттамбұл шамамен бір белдеуде жатыр. Тек түрік қаласы экваторға жақындау орналасқан. Және Стамбул бұрынғы Қазақстан секілді дұрыс емес уақыт белдеуін қолданады. Яғни, табиғи уақыт белдеуі арқылы қарасаңыз, Алматы мен Ыстамбұлдағы күннің шығуы, батуы, ұзақтығы арасында аса айырмашылық жоқ. Байқағаным, біріңғай уақыт белдеуіне қарсылардың аргументі негізінен осындай қолдан жасалған, бұрмаланған деректерден құралған. Солар шулап-шулап, халықтың денсаулығына, күнделікті өміріне зиян деген еді. Алайда министрлік бұны жоққа шығарды. Енді уақытты созбай өзгерісті қабылдайтын кез туды, - деп пікір білдірді ол.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы