Алматы жастары қалаға алғаш келгендер үшін "Қош келдің, студент!" жобасын бастады

Алматы жастарының бастамасымен еліміздің өңірлерінен және ауылдан алғаш рет келген жастарға көмек қолын ұсынатын «Қош келдің, студент!» жаңа жобасы жалғасуда, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Жаңа қалаға келген студенттерге алматылық жастар:

  • жатақханаға орналасуға көмектеседі;
  • білім беру бағдарламалары мен оқу ғимараттарымен танысуға көмектеседі;
  • қолжетімді тамақтану орындарын таныстырады;
  • қаланың көркем жерлері мен мұражайларын көрсетеді.

«Қош келдің, студент!» Алматы қаласының білім беру ортасындағы әлеуметтік ахуалды жақсарту жолындағы маңызды қадам және студенттер арасындағы мәдени алмасу мен өзара түсіністікті дамытуға ықпал ететін студенттер жобасы.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: gov.kz
Өзгелердің жаңалығы