«Алматы жастары» мұғалімдер мен дәрігерлерге арнайы квотаны енгізеді
Жас мұғалімдер мен дәрігерлер үшін «Алматы жастары» ипотекалық бағдарламасы бойынша арнайы квота енгізіледі, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Бұл туралы Алматы педагогтарының тамыз форумында қала әкімі Ерболат Досаев мәлімдеді.
Форумда мұғалімдерді қолдау және педагог мәртебесін арттыруға арналған іс-шаралар мен мүмкіндіктер де айтылды.
Бізде «Алматы жастары» қалалық бағдарламасы бар. Жыл сайын 1000 адамның тұрғын үй сатып алу үшін арнайы қаржылық жағдай жасаймыз. Бағдарлама кең танылған, бұған жыл сайын көптеген үміткер қатысады. Сол себепті мен әріптестеріммен ақылдасып, келесі жылдан бастап жас мұғалімдер мен дәрігерлер үшін арнайы квота енгізетінімізді мәлімдеймін. 1000 адамға тағы 100 квота қосылады: 50-і жас мұғалімдерге, 50-і жас дәрігерлерле, - деді қала әкімі.
Бұған қоса, әкім қаржылық мүмкіндік болған кезде мамандық пен жас мұғалімдердің дамуы үшін қосымша іс-шаралар қабылдауға және бағдарламаны кеңейтуге уәде берді.