Алматы жастары Қазақстан халқының бірлігі күніне арналған экологиялық акция өткізді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматы қаласы әкімдігінің қолдауымен ағымдағы жылдың 2 мамырында қала жастары мен жастар ұйымдары Қазақстан халқының бірлігі күніне орай «Сайран» көлінің аумағында «Таза көлдер, өзендер және бұлақтар» экологиялық акциясын өткізді.
Мемлекет басшысы Қ.Қ. Тоқаев атап өткендей «Тұңғыш Президентіміз – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен белгіленген бұл мереке ғасырлар бойы қазақ жерінде берік орныққан достық пен ауызбіршілік, өзара құрмет пен сенім сияқты қастерлі құндылықтарға негізделген».
Акция Алматы қаласының Жастар ресурстық орталықтары волонтерлерінің, этномәдени бірлестіктер мен қаланың жастар ұйымдарының қатысуымен өткізілді. Тазарту жұмыстары көлдің сол және оң жағалауында
2 км-ден астам қашықтықта жүргізілді.
Біз табиғатқа, атап айтқанда аумақты тазартуға, жастардың экологиялық тәрбиесіне тиісті назар аударуымыз керек, - деп атап өтті іс-шараны ұйымдастырушылар.
Іс-шараның мақсаты – жастар арасында экологиялық мәдениетті қалыптастыру.
Іс-шара барысында санитарлық талаптардың сақталуы қамтамасыз етілді: бетперде режимі, әлеуметтік қашықтық.