«Алматы жастары» ипотекалық бағдарламасы өтінімдер қабылдауды бастайды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қала әкімі Ерболат Досаев жастарға арналған қалалық бағдарламаның қайта жаңғыртылғаны туралы хабарлады. 

Өтінімдерді қабылдау 18 мамырдан басталып, 1 маусымға дейін жалғасады. 1000 жас отбасын тұрғын үймен қамтамасыз ету жоспарланып отыр.

Алматы әкімдігі баспасөз қызметінің мәліметінше, олардың арасында бюджеттік ұйымдардың сұранысқа ие мамандықтарының: мұғалімдер, дәрігерлер, оқытушылар, мәдениет және спорт салаларының қызметкерлері және т. б. бар.

Қатысушыларға бастапқы және қайталама тұрғын үй сатып алу үшін 18 млн теңгеге дейінгі сомаға 5% - бен жеңілдікті заем беріледі. Бастапқы жарна 25 жылға дейінгі мерзіммен қарыз сомасының 10% - ын құрайды, - делінген хабарламада.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы