Алматы жастары Есентай өзенінің бойында граффити салды

Есентай өзенінің бойында Республика күніне орай өткен «Жастар граффити» фестиваліне 50 суретші қатысты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Фестивальді Алматы қаласының Жастар саясаты басқармасы мен қаланың Жастар саясатын дамыту мемлекеттік қоры ұйымдастырды. Қатысушылар арасында жас оқытушылар, ЖОО түлектері, студенттер, еріктілер мен әртүрлі орталықтардың мүшелері бар.

Қаладағы жас, бірақ әлі таныла қоймаған суретшілерді тартуға тырыстық. Басқарма ретінде біздің міндетіміз қаланың барлық мүмкіндіктерін көрсету және креативті, талантты жастардың басын қосу болды. Ресмиліктен гөрі, фестивальді еркін форматта өткіздік. Әкімдік граффити салатын орын, бояулар ұсынып, суретшілердің шығармашылығына еркіндік берді. Елуге жуық суретші қатысып отыр. Олар жас болса да фестивальдің өтетінін естіп, қатысуға ниет білдірді. Суретшілер Республика күніне орай, Алматы қаласының көрікті жерлерін бейнеледі. Жастардың ойы бірлік, еркіндік, тұрақтылық секілді қағидаларға сәйкес келіп отыр. Бұл бір күндік шара емес. Алматының әр ауданында бірегей суреттерді салып шығамыз, - деді Алматы қаласы жастар саясатын дамыту мемлекеттік қорының директоры Азиз Кажденбеков.

Ол Алматыда Республика күніне орай көптеген іс-шаралар өткізу жоспарда бар екенін айта кетті.

Суретшілер бояулар арқылы Қазақстан егемендігі немен байланыстыратынын жеткізуге тырысты. Ұлттық нақыштағы, тау мен дала, жылқылар еркіндік, елдің тұрақтылығы мен бірлігінің символына айналды.

Біз бұл фестивальге Алматы бейнесіне өң беру үшін келдік. Қазақстанның тәуелсіздігін еркіндікті сүйетін жылқымен байланыстырдық, сол себепті жылқының суретін салдық”, - деді Халықаралық білім корпорациясының студенті Нұрболат Болатов. 

Алматы қалалық Жастар саясаты басқармасының баспасөз хатшысы Динара Сапақова фестивальге қатысу арқылы жастар ең алдымен өз қаласына деген махаббатын көрсетеді деп есептейді.

Балалар өздері қатысуға ниет білдірді. Анкета жариялаған едік, 2200 адам толтырды. Қазір жастардың өз ұстанымы бар. Олар әлемге, өз еліне бірнәрсе бергісі келеді, — деді ол.

Сондай-ақ, Республика күніне орай Алматыда жақын уақытта 25 добрых дел "Жанашыр Жүрек" атты 25 игі іс акциясы өтеді. Қаладағы әр волонтер ұйымы әртүрлі сала бойынша бір игі іс жасайды.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы