Алматы жартылай марафон 2020 онлайн форматта өтеді
Алматы, BAQ.KZ. Жаппай іс-шараларды өткізуге тыйым салынған соң ұйымдастырушылар марафонды онлайн форматта өткізуді жөн санапты.
2020 жылғы 18 қазанда Алматы жартылай марафоны алғаш рет Virtual Half Marathon атты онлайн форматта өтеді және оған Қазақстанның барлық өңірінің спортшылары қатыса алады.
Спортшыларға 21 шақырым (жартылай марафон) қашықтықты еңсеру қажет, сондай-ақ, үш адамнан құралған командалар үшін 21 шақырымды эстафета қарастырылған.
Биылғы жүгірушілерге арналған эстафетаның ерекше форматын дайындап қойдық. Түрлі қалалардан 3 адам қатыса алады, Қазақстанның жүгірушілер қоғамдастығын біріктіріп, кеңейтуді және түрлі қалалардың адамдары бір-бірін тануына, бірге жаттығуына және старттарға қатысуына (тіпті виртуалды түрде) үлес қосуды қалаймыз. Әрбір қатысушы түрлі қаланың абыройын қорғайтын командалар үш жүлделі орынға жайғасу үшін бақ сынасады, - дейді Virtual Half Marathon жобасының менеджері Әсел Серғазина.
Қатысу үшін almaty-marathon.kz сайтында тіркеліп, тіркелу жарнасын төлеу керек. Қатысу құны – 4 000 теңге.
Марафонға қатысушылары кез келген қалада, қалаған жерде жүгіре беруіне болады. Әрбір қатысушы финишер медалін алады.
Ұйымдастырушылар қатысушыларға ыңғайлы болатын бағдарды ұсына алғанымен, сайып келгенде, қайда жүгіру керектігі туралы шешімді спортшылар өздері қабылдайды. Әрбір қатысушыда қолсағат немесе километражды санайтын трекері бар смартфон қолданбасы болуы тиіс. Қатысушы ерлер мен әйелдер арасында көшбасшылар үштігін анықтау үшін, нәтижелерді сайтқа жүктейді.