17 Тамыз 2026, 08:41 Фото: pixabay

Алматы және тағы төрт қалада қолайсыз метеорологиялық жағдай күтіледі

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар атмосфералық ауаның сапасының төмендеуіне әсер етуі мүмкін. Сондықтан тұрғындарға ресми ақпарат пен мамандардың ұсынымдарын мұқият қадағалау қажет.

Бүгін еліміздің бес қаласында – Алматы, Ақтөбе, Қарағанды, Балқаш және Теміртауда қолайсыз метеорологиялық жағдай (ҚМЖ) болжанып отыр. Бұл туралы «Қазгидромет» РМК мәліметіне сілтеме жасаған Inbusiness.kz хабарлады.

Бұл қалалардың тұрғындары мен қонақтарына сапарларын жоспарлау кезінде ауа райы жағдайын ескеріп, мүмкіндігінше қолайсыз жағдай қалыптасқан кезеңде ашық ауада болу уақытын қысқарту ұсынылады.

Әсіресе тыныс алу және жүрек-қан тамырлары аурулары бар адамдарға сақ болған жөн. Денсаулық жағдайы нашарлаған жағдайда медициналық көмекке жүгіну ұсынылады.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар атмосфералық ауаның сапасының төмендеуіне әсер етуі мүмкін. Сондықтан тұрғындарға ресми ақпарат пен мамандардың ұсынымдарын мұқият қадағалау қажет.