Алматыда ұрланған заттарды сататындар полицейге пышақ кезенген

Алматы, BAQ.KZ. «Мега Тау» сауда үйінде 7 адам ұрланған заттарды сатып алып отырған, деп хабарлады ПД баспасөз қызметі.

Алматы қаласының Қылмыстық полиция басқармасының хабарлауынша, 7 адамның барлығының осы Сауда үйінде сауда нүктелері болған. Олар өздерінің қылмыстық іс-әрекеттерін басқа адамдардың көзінше жүзеге асырудан еш қымсынбаған.

«Біз жедел ақпарат бойынша жұмыс істей бастадық: жеті сатушыдан ұрланған ұялы телефондар тәркіленді. Күдіктілердің бірі ұстау барысында қашып кетуге тырысты. Желтоқсан мен Жібек жолы қиылысында «Тойота Камри» автокөлігінің жолы бұғатталды және ол жаяу түрде қашқысы келген. Ұстау кезінде күдікті полиция қызметкерін жарақаттады, екі рет өміріне қауіп төндіріп, пышақты сұққан. Жауынгерді оққа төзімді киімі құтқарып қалған, жарақат алмады. Қаскөй қашып кетуге қанша тырысқанымен оның әрекеті сәтсіз болды. 27 жасар Е.есімді азамат уақытша ұстау изоляторына қамалды. Ол, тергеу нәтижесімен екі қылмыс бойынша айыпталуда: ҚР ҚК-нің 380 бабы – билік өкіліне қарсы күш қолдану және ҚР ҚК-нің 196 бабы – ұрланған заттарды сатып алу», - дейді Алматы қалалық ПД Қылмыстық полиция басқармасының бастығы, полиция подполковнигі Есен Ысқақов.

Арнайы іс-шараның қорытындысы бойынша сатып алушының жұмыс орнында, «Мегатау» СҮ-де 198 күдікті ұялы телефон табылып тәркіленген. Тағы 10 ұялы телефон күдіктінің автокөлігінен табылған және Е.есімді азамат өзінің тұрғылықты жерінде 35 мобильді құрылғы мен ноутбукты сақтағаны анықталған. Алынған заттардың идентификациясы мен шығу тегі тергеу барысында егжей-тегжейлі тексерілуде.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы