Алматы вагон депосының директоры ұсталды
Көкшетауда 211 млн теңге жымқырған.
Алматы вагон депосының директорына қатысты сыбайлас жемқорлық ісі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметінің хабарлауынша, кәсіпорын жетекшісі қылмыстық іс аясында 2026 жылдың 9 сәуірінде ұсталған.
Тергеу оның 2024-2025 жылдардағы қызметі кезеңін қамтиды. Сот оны күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасына санкция берді, – деп атап өтті ұлттық тасымалдаушы компаниядан.
ҚТЖ ұстанымы
«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ сыбайлас жемқорлыққа мүлдем төзбеушілік саясатын ұстанатынын және тергеу органдарына толық қолдау көрсетіп жатқанын мәлімдеді. Компания заң аясында барлық қажетті материалдар мен ақпаратты ұсынып отыр.
Ішкі тексеру
Сондай-ақ Алматы пайдалану вагон депосында ішкі тексеру басталғаны хабарланды. Тексеруді компанияның комплаенс-қызметінің жетекшілігімен құрылған комиссия жүргізуде. Мақсаты – құқық бұзушылыққа әкеп соғуы мүмкін болған себептер мен жағдайларды анықтау.
Тергеу амалдары аяқталып, құзыретті органдар процестік шешім қабылдағанға дейін Компания қосымша түсініктеме беруден қалыс қалады.
Еске салайық, бұған дейін Көкшетауда 211 млн теңге жымқырған құрылыс компаниясының басшысы қамауға алынды.
Тағы оқи отырыңыздар:
Шенеуніктер туыстарымен бірге жұмыс істей алмайды
Шымкентте студенті жоқ колледждерге грант бөлініп, 1,3 миллиард теңге жымқырылған