Алматыда елдің қалтасын қағып келген ұрылар ұсталды

Алматы, BAQ.KZ. Қоғамдық орындарда арам пиғылдарын жүзеге асырып жүрген қалта ұрылары осы жолы қаланың Алмалы ауданында ұсталды. Бұл туралы қалалық ПД хабарлады.

Әр ұры бір-бірімен байланыс орнатпай жеке «жұмыс істеген». Сондай-ақ ұсталғандар жас жағынан шамалас болып шыққан, әрі бұған дейін де осыған ұқсас қылмыстары үшін сотталғандықтары анықталған.

«Күдікті - 33 жастағы В.есімді азамат Ч.есімді азамат сияқты біріншісінің құрдасы, қоғамдық орындарда қалта ұрлығымен айналысқан. Олар аңқау студенттердің мүлкін қолды етіп жүрген, негізінен ұялы телефондарды және әмияндарды ұрлайды. Үшінші тұтқын – Б.есімді азамат, оқу орындарында арам пиғылын жүзеге асырып жүрген, ол алдыңғы екі «әріптесі» сияқты студенттердің қалтасына түскен», - дейді Алмалы ауданы ПБ-ның бастығы, полиция подполковнигі Данияр Мендебав.

Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында күдікті-құрдастар ұсталып, Алматы қалалық ПД УҰИ-на орналастырылған. Олардың әрқайсысына ҚР ҚК-нің 188-бабына сәйкес алдын ала тергеу жүргізілуде.

«Қалта ұрылары бұрыннан бар және олардың негізгі міндеті – назар мен күдікті тудырмау. Олар ұқыпты, сыпайы, тіпті сенімді адамдар сияқты көрінуі мүмкін. Оларды көп адамның арасынан анықтау мүмкін емес. Сондықтан, қоғамдық орындарда ұрлықты болдырмау үшін мұқият болыңыз және жеке мүліктің қауіпсіздігі туралы қарапайым ережелерді ұстаныңыз», - дейді подполковник Мендебаев.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы