Ұшақта ақау шығып, Алматы-Астана рейсі кешіктірілді
Алматы, BAQ.KZ. Алматы әуежайында Bek Air әуекомпаниясының ұшағынан ақау шығып, жолаушылар кешігіп ұшты.
Алматы халықаралық әуежайының баспасөз қызметі хабарлағандай, бүгін 18 ақпан күні Bek Air әуекомпаниясының Z92100 Алматы – Астана рейсі тоқтатылған. Оған себеп әуекемесін ұшуға дайындау кезінде ақау шыққан.
Белгілі болғандай, Фоккер-100 ұшағына жүк салып, жолаушыларды отырғызу кезінде жүк салғыш есік маңайындағы фюзеляж бүлінген. Соның салдарынан рейс тоқтатылып, жолаушылар бір сағаттан кейін резервті бортпен ұшқан.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы
Келесі жаңалық
Қаржы министрлігі: Мемлекеттік сатып алу туралы ашық диалог
Өзгелердің жаңалығы