Алматы әуежайында санитарлық бақылау шаралары күшейтілді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстанда пневмонияның өршігуіне себеп болған Қытай Халық Республикасынан тараған коронавирустың жаңа типіне байланысты санитарлық бақылау шаралары күшейтілді.
Осыған байланысты, бүгін Алматы қаласының халықаралық әуежайында арнайы оқыту жаттығулары басталды. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігі Тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігі комитеті хабарлады.
Бұл коронавирустық инфекцияның Қазақстанға келудің алдын алу және болдырмау үшін, сонымен қатар "Халықаралық Алматы әуежайы" АҚ барлық қызметтерінің, оның ішінде көлік департаментіндегі тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігінің санитарлық-карантиндік бақылау бөліміне, санитарлық-эпидемияға қарсы іс-шараларды өткізуге қатысатын Алматы қаласының департаменттері және басқа да мүдделі ұйымдардың дайындығын бағалау үшін жасалды, - дейді комитетің баспасөз қызметі.
Мұндай жаттығулар болашақта эпидемияға қарсы барлық қажетті шараларды нақты, уақтылы және жедел жүргізуге мүмкіндік береді.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Келесі жаңалық
Астанада қар тазалауға 900-ден астам техника шықты
Өзгелердің жаңалығы