Алматы әуежайы ұшақтардың рейсін өзгертті

Алматы, BAQ.KZ. Алматының Халықаралық әуежайы рейстердің өзгергенін хабарлады.

Әуежайдың баспасөз қызметі әлеуметтік желіде рейстердің өзгергенін хабарлап, жолаушылардан ұшу кестесін алдын ала анықтап алуларына шақырды.
Алматы қаласы Халықаралық әуежай аумағын тұман басуына себепті рейстердің кестесі өзгерді. Дегенмен әуе айлағы штатты режимде жұмыс істеп тұр. ИКАО-ның III дәрежелі сертификатына ие болғандықтан біз көру шектігі төмен болғанына қарамастан ұшақтарға қызмет көрсете аламыз. Яғни көру аралығы 75 метрге дейін төмендеген жағдайда ұшақтарды қабылдап, 125 метрге жеткенде ұшыра аламыз. Алайда әуе кемесі экипажының дәрежісі де осыған сай болу керек. Бірақ барлық әуе компанияның мұндай рұқсаты жоқ, - делінген хабарламада.
Әуежай ұшақ кестелерін әуекомпанияның анықтама бөлімінен нақтылап алуға кеңес береді.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы