Алматы ТЖД карантин жағдайында үйде отырған халыққа ескерту жасады

Алматы, BAQ.KZ тілшісі.  Алматы қаласы ТЖД бастығының орынбасары, азаматтық қорғау полковнигі Арман Байгелов онлайн-брифинг өткізіп, карантин кезінде өрт қауіпсіздігін сақтау жөнінде ескертпе жасады.

Оның айтуынша, карантин кезінде Алматы тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін ҚР ІІМ-нің бұйрығымен 1525 құтқарушы қызмет атқарудың ерекше режиміне ауыстырылған. Тәулік бойы жедел қолдануға 118 бірлік техника мен 355 құтқарушы және өрт сөндіруші дайын. 
Біз қала тұрғындарын төтенше жағдай режимінен хабардар етіп, ақпараттандыру үшін күніне 5 рет 510 теледидар мен 22 радио арна арқылы ақпарат таратамыз. Қалада 24 карантиндік ошақ үйлері бар. Ол жерлерде үй тұрғындарына кіріп-шығу шектелген. Пәтер иелері коператив басшылары осындай пәтерлердің бірінде өрт шыққан жағдайда барлық кіре берістің эвакуацияланатынын түсінгені дұрыс. Олар үшін алдын ала басқа кіре берістен тұрғындармен араласпайтындай арнайыландырылған орын анықтау керек, - деді ол. 

Сонымен қатар, ол үйде отырып қарапайым өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауды сұрап, ескерту жасады.
Балалардың қараусыз қалдырмаңыз, оларды өрт кезінде қолданатын іс-әрекетке үйретіңіз. Ешқашан төсекте темекі тартпаңыз. Газ және электр құралдарын да қараусыз қалдырмаңыз. Ас үйде немесе пәтерден газ иісі шыққан кезде электр жарығын қоспаңыз. Ашық отты пайдаланбаңыз, дереу бөлмені желдетіңіз. Газды жауып, құтқару немесе газ қызметін шақырыңыздар. Сондай-ақ электр сымдарының дұрыстығын бақылаңыздар. Қолдан жасалған электр аспаптарын қолдануға жол бермеңіз. Есіңізде болсын – өртті сөндіреуден гөрі ескерту оңай!, - деді А.Байгелов. 

Сонымен қатар, ол  алдын алу бойынша бірнеше ескертпе әзірлегендерін, оларды тұрғындардың телефондарына хабарлама арқылы жіберетінін айтты.
ЕСКЕРТПЕ
 Көп пәтерлі тұрғын үйлерде өрт оқиғаларын болдырмау үшін өрт қауіпсіздігінің негізгі талаптарын орындау қажет, атап айтқанда:

- Негізгі және эвакуациялық шығу есіктерін ашық ұстаңыз, олар шығу бағытына қарай ашылуы керек және олардың құлыптары есіктерді ішкі жағынан кілтсіз ашуға мүмкіндік беруі керек;

- Үйдегі өрттен қорғау жүйесін (құлақтандыру жүйесі, түтін шығаратын жүйе), тазалап жақсы күйде ұстаңыз.

- Эвакуация бағыттары (баспалдақтар, дәліздер, холл және фойе) әртүрлі тұрмыстық заттармен (жиһаз, арбамен және т.б.) бітеліп қалмауы керек. Балкондардағы қабат аралық эвакуациялау люктері еркін ашылуы керек. Баспалдақтардың астында жанғыш материалдарды жинап сақтамаңыз.

-  Ғимараттар мен құрылыстарға өрт техникалары мен құрылғылары еркін өту үшін кіре беріс жолдар мен өту жолдарын, сондай-ақ, өрт сөндіруді қамтамасыз ететін сыртқы су көздеріне кедергі жасамаңыз.

-  Карантиндік аймақта (кіреберіс) басқа үйлердің тұрғындарымен байланыста болмас үшін, өрт және басқа да төтенше жағдай туындаған кезде тұрғындарды жеке жинау пункттерін алдын ала анықтаңыз.

-  Егер өрттің белгілері анықталса, ең алдымен мемлекеттік өртке қарсы қызметке 101 және 112 нөмірлеріне хабарлаңыз.

-  Орын алған өрт туралы мүмкіндігінше тұрғындарға хабарлаңыз.

- Үйді электр желісінен ажырату шараларын қолданыңыз және өртті алғашқы өрт сөндіру құралдарымен сөндіруге кірісіңіз.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы