Алматы турына қатысатын «Астана» командасының құрамы белгілі
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін Алатау баурайында екі күнге созылатын Tour of Almaty-2019 басталады.
Ұйымдастырушылар осы жарыста Қазақстан атынан қатысатын «Астана» командасының құрамын жариялады. Велобәйгеде 7 шабандоз бақ сынайды.Сонымен, Евгений Гидич, Юрий Натаров, Дмитрий Груздев, Артем Захаров, Даниил Фоминых, Жандос Бижігітов және Никита Стальновтар қатысады.
«Астана» командасының спорттық директоры және тас жолдағы велоспорттан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Асан Базаевтың айтуы бойынша «Астананың» командалық балансы қазақстандық шабандоздарға жарысты бақылауда ұстауға көмектеседі.
«Құраманы жасақтауда команданың атынан біз қазақстандық велошабандоздарды таңдадық. Айтарлықтай өзгерістер енгізе қойған жоқпыз. Ал көшбасшымыз Алексей Луценко басқа ірі рейтингтік, алдымен Францияда, кейін Германияда өтетін жарыстарға қатысады», - деп хабарлады Базаев.
Базаев тактикалық және стратегиялық сәттер жайлы әңгіме барысында «Астананың» жұмысына өзгерістер мен толықтырулар тек алғашқы кезең қорытындысынан кейін ғана енгізілетіні жайлы атап өтті. Дегенмен, команда әр түрлі сценарийлерге дайын. Ал велошабандоздардың алдында тұрған ең басты мақсат әрине, жеңіс.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Жаңа әліпби әлемге ашылған есік
Өзгелердің жаңалығы