Алматы туристерден ешқандай анықтама талап етпейді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматы облысындағы курорттық өңірлерге келушілерден «Ковид 19» індетіне қарсы екпе алғандығы жөніндегі және ПТР анықтамалары талап етілмейді, деп хабарлайды 24.kz.
Дегенмен демалыс орындарында қауіпсіздік шаралары қатаң сақталады. Ал мобильдік топтар өз жұмысын бұрынғыдай жалғастыра береді. Бұл туралы Алматы облыстық бас санитарлық дәрігердің орынбасары Асхат Чарапиев мәлімдеді.
Алакөлдің Алматы облысындағы бөлігіне биылғы шомылу маусымында 1 миллионға жуық турист келеді деген болжам бар. Ондағы 264 демалыс орны саяхатшыларға 5,5 млрд теңгенің қызметін көрсетеді деп жоспарланып отыр. Ақши ауылында күніне 25 адамды қабылдайтын дәрігерлік амбулатория жұмыс істеп тұр. Демалушылардың қауіпсіздігін қадағалауға учаскелік полиция пункті мен төтенше жағдайлар департаментінің 13 адамнан тұратын өңірлік құтқару қызметі жасағы жұмылдырылады. Туристер өз кезегінде суда шомылу, санитарлық қауіпсіздік шараларын қатаң сақтауы тиіс.
Жазғы шомылу маусымында Алакөл, Балқаш көлдеріне және Қапшағай өңірлеріне ешқандай ПТР анықтамасыз барып, демалуға болады. Келген адамдардың бәрін термометриядан өткізеді, ол жерде дезинфекциялық режим сақталған. Қызыл аймақта орналасқан аудандар 80 пайызға дейін адамдарды толықтыруына болады. Ал енді жасыл мен сарыда толығымен рұқсат етілген, – деді облыстық Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті басшысының орынбасары Асхат Чарапиев.