Алматы тұрғынының қорасынан 8 мылтық табылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматы полицейлері қала тұрғыннан сегіз «Сайга» қаруын тәркіледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Алматы полицейлері Наурызбай ауданы тұрғынының қорасынан қару-жарақ, оптикалық көздеуіш және аңшылық құралдар тапты.
Арнайы іс-шара кезінде 1984 жылы туған К.есімді азамат ұсталды, оның 5 қаңтарда «Камерад» қару-жарақ дүкенін тонауға қатысқаны анықталды. Сонымен қатар, күдіктінің 12-ші калибрлі тегіс ұңғылы сегіз мылтықты ұрлағаны белгілі болды. Күдікті қару- жарақты сарайда жасырған. Барлық қарулар тәркіленді. Оларға сараптама тағайындалды, – деді Алматы қалалық полиция департаменті бастығының орынбасары Берік Әбілбеков.
«Камерад» қару-жарақ дүкенінен қару-жарақ пен өзге де мүлікті ұрлау дерегі бойынша қылмыстық істі Әуезов аудандық ПБ жанындағы полиция бөлімі тергеп жатыр. Күдікті қамауға алынды.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Атырау облысында 66 жастағы шопан жоғалып кетті
Келесі жаңалық
Ұлттық банк коллекциялық монеталарды айналымға шығарады
Өзгелердің жаңалығы