Алматы тұрғынынан 500-ге жуық киік мүйізі тәркіленді
Полиция қызметкерлері шаһардың Алатау ауданындағы Заря Восток шағын ауданында арнайы іс-шараны жүргізді деп хабарлайды BAQ.KZ Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
ҰҚКБ қызметкерлері жергілікті тұрғынның Қызыл кітапқа енген ақбөкен мүйіздерін сақтап, сататыны туралы жедел ақпаратты тексерді. Дабыл расталды. Күдікті – 42 жастағы Х.есімді азамат.
Оның үйін тінту барысында қосалқы бөлмеден 462 дана ақбөкен мүйізі, сондай-ақ белгісіз тұқымды тастар табылды және тәркіленді. Бұл дерек сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне ҚР ҚК-нің 399-бабы бойынша тіркелді.
Тауарды Алматыға жеткізудің мән-жайы мен оны жүзеге асыру шарттары тергеу барысында анықталатын болады.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Абай облысында ерлі-зайыптылар мен немересі үсіп өлді
Өзгелердің жаңалығы