Алматы тұрғыны адам саудасының құрбанына айнала жаздады
Алматы тұрғыны шетелдіктердің жұмысқа орналастырамын деген арбауына сеніп, адам саудасының құрбаны бола жаздады, деп хабарлайды BAQ.KZ. Бұл туралы Алматы қаласы прокуратурасы мәлім етті.
Абайлаңыз, алаяқтар!
Алматы қаласы прокуратурасының, ҰҚК қала бойынша Департаментінің үйлестіруімен, сондай-ақ Интерполдың және Қазақстан Республикасының Оман Сұлтандығындағы Елшілігінің жәрдемдесуімен, Қазақстан Республикасының азаматшасын шетелге еңбекке пайдалану үшін заңсыз тарту және әкету әрекетінің жолы кесілді.
Зардап шегушінің ұзақ уақыт бойы "Ханифа" атты шетел азаматымен байланыста болғандығы анықталды, ол оған жұмысқа орналасу үшін Таяу Шығыс елдерінің біріне көшуді бірнеше рет ұсына отырып, тиімді жұмыс жағдайларын уәде еткен, – делінген хабарламада.
Әйел жақындарын хабардар етпестен, өз бетінше шетелге ұшып кеткен.
Оман Сұлтандығының халықаралық әуежайына келгеннен кейін, ол жедел іс-шаралардың нәтижесінде ұсталып, сол күні Отанына қайтарылды.
Құзырлы орган ескертеді!
Алматы қаласының прокуратурасы шетелдерде жұмысқа орналасу туралы ұсыныстарды алған кезде азаматтар алаяқтармен адам сатушылардың құрбаны болмас үшін қырағылық танытулары және ақпараттың дұрыстығын тексерулері керектігін ескертеді.