Алматы тұрғындарының 41,1%-ы вакцина салдырды – Бекшин

Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Алматыда күн сайын шамамен 7000 адам КВИ-ге қарсы вакцина алады. КВИ-ден ұжымдық иммунитетті қалыптастыру үшін мегаполис тұрғындарының иммундық қабаты әлі жеткіліксіз. 6 тамыздағы жағдай бойынша вакцина алғандар саны 41,1%. Бұл туралы Жандарбек Бекшин онлайн брифингте айтты.

Алматы қаласы санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының айтуынша, қала тұрғындарын вакциналану көрсеткіші қазіргі уақытта күніне 7 мыңнан астам адамды құрайды.

Бекшин сонымен бірге, 1 жасқа дейінгі балалар ауруының өсуін жалғасып жатқанын атап өтті.

Өткен аптада 224 бала болса, осы аптада 238 бала тіркелді. 14 жасқа дейінгі балаларда аурудың төмендеуі байқалады - 878 бала, өткен аптада 1099 болған. Жалпы алғанда, КВИ жағдайы 20-40 жас аралығындағы жастарда басым - 38%, 40-59 жастағы азаматтарда - 25% және 60 жастан асқан адамдарда - 20%, - деді ол.

Алматының бас санитарлық дәрігері тұрғындар арасында КВИ инфекциясын қай санаттың жиі жұқтыратынын айтты.

Өткен 7 күнде, алдыңғы 7 күнмен салыстырғанда, өзін-өзі жұмыспен қамтығандар арасында инфекция жұқтырғандардың үлес салмағы бұрынғыдай жоғары - 41%, түрлі ЖШС, ЖК, АҚ қызметкерлері - 18,4%, зейнеткерлер - 17,3%, сондай-ақ мектеп оқушылары арасында - 9,2% және мектепке дейінгі балалар - 6,0%. Халықтың аталған санаттары КВИ-мен ауыратындардың жалпы санының 92%-ын құрайды, оған профилактикалық іс-шаралар бағытталуы тиіс, - деді Ж. Бекшин.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы