Алматы тұрғындарына көктайғаққа байланысты ескерту жасалды

Алматыда таңертең және түстен кейін қалың қар жауып, тұман, көктайғақ болады, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.

"Қазгидромет" РМК ауа температурасы кешке қарай минус 20 градусқа дейін төмендейтінін атап өткен еді.

17 ақпанға қараған түні минус 22 градусқа дейін, 17 ақпанда күндіз минус 14-ке дейін аяз болады. Ал, 16 ақпанда таңертең тұман, жолдарда көктайғақ болады деп болжануда. Түнгі кезеңде көктайғақ құбылыстарының алдын алу мақсатында дислокация орындарында 176 құм таратқыштың кезекшілігі жоспарланған. Қар тазалау жұмыстарына барлығы 483 бірлік арнайы техника мен 1180 жол жұмысшысы жұмылдырылады.

Көктайғаққа байланысты Алматы қаласының полициясы жүргізушілерді жолда сақ болуға шақырады.

Ауа райының нашарлауына байланысты жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауды және қауіпсіздік шараларын сақтауды ескертеді. Жауын-шашын мен көктайғақ қаладағы жол жағдайын айтарлықтай қиындатады: кептеліс пайда болады. Дегенмен жол ережесін сақтамаған кейбір жүргізушілер жылдамдықты төмендетпейді, апаттық жағдайлар және қауіпті маневрлер жасайды, бір-біріне құрметпен қарамайды, жаяу жүргіншілер жүруге болмайтын жерден жолды кесіп өтеді. Осы факторлар жол жағдайына кері әсерін тигізеді, - деді Алматы қалалық ПД Әкімшілік полиция басқармасының бастығы, полиция подполковнигі Асхат Құлбаев.

Қалалық ТЖД өкілдері қала тұрғындары мен қонақтарына, электр желілерінің шамадан тыс пайдаланбауға, газ жабдықтарын, сондай-ақ көмірмен жылытылатын пештерді дұрыс пайдалануға шақырды.

- Бірнеше электр құрылғыны бір ток көзіне қосуға қатаң тыйым салынады;
- ток көздеріне қосылған электр құрылғыларын ұзақ уақыт қараусыз қалдыруға болмайды;
- электр құрылғысының қатты қызуы немесе сымдардың зақымдалған оқшаулауы анықталған жағдайда, оны дереу токтан ажыратыңыз! Көміртегі тотығының газымен улану жағдайында жеке сектор тұрғындарын пештің тартуын тексеруге шақырамыз. Қажет болса, мұржаны күйеден тазартып, жарықшалар пайда болса, оларды бітеп, жабыңыз, - дейді Алматы қалалық ТЖД.

 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: автордан
Өзгелердің жаңалығы