Алматы тұрғындары заң кеңестерін тегін ала алады
Алматы, BAQ.KZ. «Қазақстан еріктілер лигасы» ҚҚ қала тұрғындары үшін «Заң кеңесі» атты әлеуметтік маңызы бар жобаны жүзеге асырып жатыр.
Жобаның мақсаты – заң мамандардың қызметін қаржылай түрде алуға мүмкіндігі жоқ қаласының барлық тұрғындарына өтеусіз көмек көрсету.
Заң қызметтері бүгінде адамдармен де, мемлекетпен де қарым-қатынаста өз құқықтарын қорғаудың қажетті және маңызды құралы болып табылады.
Ал бұл жоба төңірегінде, қала тұрғындары кез-келген сұраққа тегін түрде жауап ала алады. Ең бастысы, кәсіби маманның көмегімен азаматтарымыз барлық әрекеттерінің дұрыс екеніне, құқықтарының бұзылмайтынына сенімді болады және олардың барлығы қолданыстағы заң нормаларымен бекітіледі.
«Заң кеңесі» жобасы сапалы заңгерлік қызметті тегін алғысы келетін кез келген азаматқа көмек көрсетуге бағытталған.
Әрбір азамат бізге ауызша және жазбаша заңгерлік кеңес алу, талап арыз жасау, сотта өкілдік ету, құжаттарды жинауға көмек алу және т.б. алу үшін хабарласа алады. Жоба аясында ұсынылатын қызметтер өтініш берген кез келген адам үшін тегін. Сондай-ақ, жобаға тек құқықтың барлық саласында көп жылдық тәжірибесі бар білікті мамандар жетекшілік ететінін айта кеткен жөн, - делінген ақпаратта.
Бұл жоба 2022 жылдың желтоқсан айына дейін жалғасады. Бірақ бұл жобаның тақырыбына байланысты команданың болашаққа әлі де үлкен жоспарлары бар. Жоба жетекшісі ауқымды кеңейтіп, Алматы қаласын ғана емес, бүкіл Қазақстанды қамтуды мақсат етеді.