Алматы циркінің әртістері Гиннестің рекордтар кітабына енді
Алматылық акробаттар Батыр Жанұзақ пен Марлен Маратов әлемге әйгілі Гиннестің рекордтар кітабына енді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Қазақстандық өнерпаздар Миланда өткен Lo Show Dei Record халықаралық шоуында ерекше трюк көрсетіп, көрермендерді тәнті етті. Олар “қолдарындағы басындағы адаммен екі баспалдақпен ең жылдам көтерілу және түсу” санатында жаңа рекорд орнатты. Нәтиже – небәрі 36,66 секунд.
Алматы қаласы Мәдениет басқармасының хабарлауынша, бұл жеңіс тек әртістердің ғана емес, жалпы қазақстандық цирк өнерінің халықаралық деңгейдегі беделін арттырған маңызды оқиға болды.
Айта кетейік, Батыр мен Марлен бұған дейін America’s Got Talent, Britain’s Got Talent, China’s Got Talent және өзге де халықаралық шоуларға қатысып, өнерімен танылған.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Шымкентте 15 тонна сіріңке тиелген жүк көлігі өртенді
Өзгелердің жаңалығы