Алматы тексеру комиссиясында бұзушылықтар анықталды
Жоғары аудиторлық палата жүргізген аудиттен кейін Алматы тексеру комиссиясын қаржыландыру 130 млн теңгеге қысқартылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Жоғары аудиторлық палата жүргізген аудиттен кейін Алматы тексеру комиссиясын қаржыландыру 130 млн теңгеге қысқартылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Алматы тексеру комиссиясының қызметінде анықталған бұзушылықтар бойынша бірқатар шара қабылданды. Жоғары аудиторлық палата оның жұмысындағы кемшіліктерді биыл мамырда жариялаған болатын.
Атап айтқанда, Алматы мәслихатының 13 маусымдағы шешімімен қаржыландыру сомасын 129,6 млн теңгеге азайту бөлігінде өзгерістер енгізілді.
Бұдан басқа, тексеру комиссиясы төрағасының бұйрығымен аудит материалдарын мемлекеттік емес ақпараттық жүйеге орналастыру практикасы тоқтатылды. Бұл ақпараттың таралып кетуі мен ведомстволық деректерден айырылып қалу тәуекелдерін туындататын.
Естеріңізге сала кетейік, Жоғары аудиторлық палата Алматы тексеру комиссиясының қызметінде бірқатар бұзушылықты анықтады. Іс жүзінде орындалмаған қызметтерге бюджет қаражатын бөлу жағдайлары белгілі болды.
Мысалы, 2022-2023 жылдары аудиторлық ұйымдарды тартудың нақты қажеттілігінің болмауына байланысты 150,4 млн теңге басқа бағыттарға қайта бөлінген, ондағы шығыстардың негізгі бөлігі сыйлықақылар төлеуге жіберілген.
Айта кетейік, тексеру комиссиялары өз қызметін басқа мемлекеттік аудит органдарына тәуелсіз жүзеге асырады. Олар жергілікті бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылып, өз жұмысында тиісті облыстың немесе қаланың мәслихатына есеп береді.
- Астанада жастарға арналған экстремалды спорт жарысы өтті 08:11
- Жерде соңғы үш айдағы ең күшті магниттік дауыл тіркелді 07:49
- Ақтөбенің 100-ден астам креаторы Астанада өз жобаларын таныстырды 07:12
- Ұлытау облысында 50 шаршы метр аумақта битум өртенді 06:35
- «Трамп мұхиты» болуы мүмкін: АҚШ президенті жаңа жоспарын айтты 05:18
- Алматыда қоқыс жәшігінің жанынан мылтық табылды 04:27
- Парсы шығанағында өртенген танкерден 22 теңізші құтқарылды 03:40