Алматы тауларында жоғалған жасөспірім табылды
Алматы маңындағы таулы аумақта жоғалып кеткен 16 жастағы жасөспірім аман-есен табылды. Бұл туралы ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Ресей Федерациясынан келген туристердің айтуынша, олар Талғар асуында болған кезде жасөспірім мұздық бағытына жалғыз кеткен және онымен байланыс үзіліп қалған.
Оқиға орнына дереу ҚР ТЖМ Республикалық жедел-құтқару жасағының тобы мен Алматы қалалық құтқару қызметі жұмылдырылды. Құтқарушылар қиын таулы аймаққа қарамастан Талғар асуына көтеріліп, мұздыққа қарай бағыт алды.
Іздестіру жұмыстары нәтижесінде жасөспірім табылды. Қуанышқа орай, оның жағдайы қанағаттанарлық, медициналық көмекке мұқтаж болмаған.
Қауіпсіздік мақсатында жасөспірім құтқарушылармен бірге асуға жеткізіліп, ата-анасына табысталды.
ҚР ТЖМ азаматтарды таулы жерлерде абай болуға, жалғыз жүруден бас тартуға және ауа райы мен қауіпсіздік ережелерін ескеруге шақырады.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Айбек Оралбай Астанадағы Әлем кубогын жеңіспен бастады
Өзгелердің жаңалығы