Алматы тауларында жоғалған турист екінші күн іздестірілуде

39 жастағы турист 5 тамыздан бері байланысқа шықпады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Ол Шымбұлақ-Талғар асуы (3163 м) - Богданович мұздығы (3500 м) - Абай шыңы (4010 м) бағытын жалғыз өзі еңсермек болды. Ескертілген уақытта байланысқа шықпады.

Іздеу орнында ТЖД, ТЖМ Республикалық жедел-құтқару жасағының 30 астам қызметкері, ерікті құтқару қызметінің еріктілері, қалалық құтқару қызметінің құтқарушылары, Алматы қаласының Альпинизм федерациясының өкілдері, екі кинологиялық есептоп және ұшқышсыз ұшу аппараты жұмылдырылды.

ТЖМ құтқарушылары тауға жалғыз көтерілу және маршрутты өзгерту қауіпті екенін еске салады.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы