4 Қазан 2026, 21:19
Фото: depositphotos.com
Алматы тауларында жоғалған шетелдік турист әлі табылмады
Операцияға ТЖМ күштері мен волонтерлерден шамамен 88 адам, 10 техника, 3 кинологиялық есеп және 7 дрон жұмылдырылған.
Алматыда Корея Республикасының азаматын іздеу бойынша құтқару жұмыстары жалғасуда.
Іздестіру жұмыстары таулы жердің күрделілігі, аумақтың ауқымды болуы және биіктіктің күрт өзгеруіне байланысты қиын жағдайда жүргізіліп жатыр. Құтқарушылар тау беткейлері, шатқалдар мен қол жетуі қиын учаскелерді тексеруде.
Операцияға ТЖМ күштері мен волонтерлерден шамамен 88 адам, 10 техника, 3 кинологиялық есеп және 7 дрон жұмылдырылған.
Іздестіру жұмыстары тәулік бойы жалғасып, операция барысы ТЖМ бақылауында.