Алматы тауларында жасөспірім жартастан құлап кетті
Алматы тауларында 15 метр биіктен құлаған жасөспірім құтқарылды, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.
Алматы тауларында 15 метр биіктен құлаған жасөспірім құтқарылды, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.
Құтқарушыларға хабарлама 17 шілде сағат 16:50-де түскен.
17 жастағы үш жасөспірім Алматы тауларында жолдан адасып қалған. Өтініш берушілердің айтуынша, олардың бірі жартастан құлап, есінен танып қалған. Жасөспірімдердің координаты берілді, - дейді ведомство.
Оқиға орнына сағат 17: 05-те құрамында 5 адам, 1 техника бар "БАУ" бақылау-құтқару пунктінің экипажы аттанады.
Жасөспірімдер Терешкова шыңында болған, сағат түнгі он шамасында құтқарушылар құлаған баланы тапқан.
Ол шамамен 15 метр биіктіктен құлаған. Оның иығы, шынтағы, жамбасы сынған, сондай-ақ омыртқасы зақымданған болуы мүмкін. Сол себепті жасөспірімді қолмен тасу мүмкін болмады. Жәбірленуші тікұшақпен эвакуацияланды, - дейді құтқарушылар.
Жасөспірім № 1 қалалық балалар ауруханасына жеткізілді. Қасындағы екі серіктесіне де көмек көрсетіледі.