Алматы тауларында үш турист құтқарылды

29 мамыр күні түнгі сағат 01.06-да ТЖМ РЖҚЖ-на Алматы қаласы ТЖД-нан Аюсай шатқалында ер адам жоғалып кетті деген хабарлама түскен, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Жоғалған адамдармен байланыс та, нақты геолокация да болған жоқ. Өтініш берушілер туристің туыстары болды. Белгілі болғандай, үш адамнан тұратын туристер тобы әлеуметтік желіде бір - бірімен хабар алысып, Алмарасан шатқалынан бастап, одан әрі Проходное шатқалынан - Аюсай шатқалына дейінгі бағыт бойынша тауға кеткен. Кеш түскенше туристер үйлеріне оралмаған, - делінген хабарламада.

Туристерді іздеуге 7 адамнан тұратын РЖҚЖ жедел тобы, оның ішінде 1 кинологиялық есеп жолға шығып, сағат 03.10-да ТЖМ қызметкерлері іздеуге кіріскен.

Таңертең ер адамның туыстары қоңырау шалып, бәрі жақсы екенін хабарлады, туристтік топ тауда түнеген. Қазір олар үшінші сарқырама арқылы Аюсай шатқалына жол тартты деді. Біраз уақыттан кейін жоғалғандардың бірі жұбайына, дұрыс жолмен төменге түсіп жатқандарына сенімді емес екендіктерін хабарлап SMS-хабарлама жібереді. Құтқарушылардан төменге түсуге көмек сұрайды, - дейді құтқарушылар.

Сағат 15.30-да құтқару бөлімшесінің басшысы жоғалған туристер Аюсай шатқалындағы екінші сарқыраманың үстінен табылып, жедел топ туристтермен көлікке қарай түсіп бара жатқандығы туралы ақпарат берді. Ешқайсысына медициналық көмек қажет болмады. Нәтижесінде үш адам, 1993 жылы туған ер адам және Ресейдің екі азаматы - 1990 жылы туған әйел және 1980 жылы туған ер адам құтқарылды.

 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: ҚР ТЖМ РЖҚЖ баспасөз қызметі
Өзгелердің жаңалығы