9 Қыркүйек 2026, 04:27
Фото: BAQ.KZ архиві/Арман Мухатов
Алматы тауларында құтқарушылар екі жасөспірімді жартастан түсірді
Екі жасөспірім альпинистік құрал-жабдықтарды пайдаланғанымен, жартастан өздігінен түсе алмай қалған.
Алматы тауларында құтқарушылар өздігінен төмен түсе алмай қалған екі жасөспірімге көмек көрсетті.
ТЖМ мәліметінше, оқиға Медеу ауданындағы Тұйық-Су шатқалында, «Горбунова» жартасында болған. Екі жасөспірім альпинистік құрал-жабдықтарды пайдаланғанымен, жартастан өздігінен түсе алмай қалған.
Оқиға орнына жеткен Алматы қаласы Мониторинг және жедел әрекет ету орталығының құтқарушылары оларды қауіпсіз жерге түсіріп, аялдамаға дейін жеткізді.
Жасөспірімдер медициналық көмекті қажет етпеді және кейін үйлеріне өздері қайтты.
ТЖМ тауға шығар алдында маршрутты жоспарлап, ауа райы мен күннің бату уақытын ескеруге, туристік соқпақтардан шықпауға шақырды.